Жеңіске жетелеген өнер
-
22 мамыр, 2025
Семей қаласында Шәкәрім университетінің ұйымдастыруымен көрнекті жазушы, тарихшы, этнограф, фольклоршы Зейнолла Сәніктің 90 жылдық мерейтойына арналған «Сөз ғұмыр» атты жоғары оқу орындары студенттерінің республикалық сайысы өтті.
Аталған байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен келген жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін сынға салды.
Осы айтулы додада университетіміздің «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Орынбай Жақсыгүл жоғары деңгейде өнер көрсетіп, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі — аға оқытушы Бибіжан Бегманова.
Университет ұжымы атынан жеңімпаз Жақсыгүл Орынбай мен жетекшісі Бибіжан Бегманованы шын жүректен құттықтап, шығармашылық жетістік пен толағай табыстар тілейміз!
Бөлісу: