Жасанды интеллект және мектепке дейінгі білім беру саласындағы өзекті мәселелер



    • Жасанды интеллект және мектепке дейінгі білім беру саласындағы өзекті мәселелер

      QyzPU-да Мектепке дейінгі білім беру кафедрасының оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен қонақ дәрістер өтті. Іс-шараға кафедра оқытушылары мен студенттері белсене қатысып, білім беру саласындағы жаһандық үрдістер мен инновациялық тәсілдермен танысу мүмкіндігіне ие болды.

      Қонақ дәрістер аясында Мичиган Штаты университетінің (АҚШ) Педагогикалық колледжінің профессоры, білім беру технологиялары саласындағы сарапшы Дуглас Хартман «How to design professional development for AI-enhanced teaching?» («Жасанды интеллект арқылы оқыту үшін кәсіби дамуды қалай жобалау керек?») тақырыбында мазмұнды дәріс оқыды. Ол жасанды интеллекттің заманауи білім беру үдерісіндегі рөліне тоқталып, мұғалімдердің кәсіби дамуын тиімді ұйымдастыруға қатысты практикалық ұсыныстарымен бөлісті.

      Сондай-ақ Босфор университетінің (Түркия) профессоры Алтун Дилек «Play, Patterns, and Problem-Solving: Developing Computational Thinking in Preschool Classrooms» («Ойын, үлгілер және есептерді шешу: мектепалды сыныпта есептеу дағдыларын дамыту») тақырыбында танымды дәріс өткізді. Дәріс барысында мектепке дейінгі жастағы балалардың есептеу ойлау қабілетін қалыптастырудағы ойын элементтерінің маңызы мен әдістері талқыланды.

      Аталған іс-шара жасанды интеллект пен мектепке дейінгі білім беру саласындағы өзекті мәселелерді қарастыруға, сондай-ақ шетелдік тәжірибені зерделеуге арналған тиімді диалог алаңы болды. Мұндай дәрістер білім алушылардың кәсіби көзқарасын кеңейтіп, оларды заманауи білім беру кеңістігіне бейімдеуге ықпал етеді.

      Бөлісу: