Білім сапасын арттыру және академиялық ұтқырлықты дамыту
-
21 мамыр, 2025
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Қырғыз Республикасының Ош мемлекеттік университеті өкілдерімен ресми кездесу өтті. Іс-шара аясында білім беру сапасын қамтамасыз ету және екі жоғары оқу орны арасындағы академиялық ұтқырлықты дамыту мәселелері талқыланды.
Іс-шара барысында QyzPU-дағы білім сапасын қамтамасыз ету жүйесі мен әдістемелік тәжірибелері таныстырылды. Өз кезегінде ОшМУ өкілдері білім беру сапасын арттыруға бағытталған тәсілдері мен оқу үдерісін әдістемелік сүйемелдеу саласындағы тәжірибесімен бөлісті. Тараптар студенттер мен оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын кеңейту, сондай-ақ ортақ білім беру жобаларын жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырды.
Жиында қос университеттің өкілдері тәжірибе алмасудың, бірлескен талқылаулар мен жаңа білім беру бастамаларын енгізудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Тараптар алдағы уақытта ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті екендерін білдірді.
Бұл кездесу Қазақстан мен Қырғызстан жоғары оқу орындары арасындағы әріптестік байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.
Бөлісу: