Болашаққа бағдар: халықаралық білім және ынтымақтастық



    • Болашаққа бағдар: халықаралық білім және ынтымақтастық

      Білім ордамызда  Германияның Хоф университетінен келген құрметті қонақ — Prof. Dr. Sebastian Leuoth қатысуымен танымдық кездесу өтті.

      Іс-шара аясында профессор студенттерге Double Degree Program (қос диплом бағдарламасы) жөнінде жан-жақты ақпарат ұсынып, халықаралық білім беру жүйесіндегі тың мүмкіндіктерді таныстырды. Кездесу барысында академиялық ұтқырлық, шетелде білім алу және жаһандық серіктестіктердің артықшылықтары кеңінен сөз болды.

      Prof. Dr. Sebastian Leuoth студенттермен шынайы байланыс орнатып, оларға кәсіби бағдар беруде құнды кеңестер ұсынды. Бұл кездесу екіжақты академиялық ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, студенттердің білім жолын саналы түрде жоспарлауына серпін берді.

      Жиын соңында қатысушылар профессормен естелік суретке түсіп, бейресми форматта пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды.

      Мұндай халықаралық іс-шаралар студенттердің ой-өрісін кеңейтіп, олардың жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына жол ашады.

       

      Бөлісу: