QyzPU мен «Ханчжоу Динъин» білім беру ұйымы: халықаралық ынтымақтастыққа жаңа қадам
-
19 мамыр, 2025
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде қытайлық «Ханчжоу Динъин» білім беру ұйымы делегациясымен ресми кездесу өтті. Бұл сапар білім беру, академиялық ұтқырлық және бірлескен жобалар саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталды.
Кездесуге қатысқандар: Чень Минлей – «Ханчжоу Динъин» білім беру ұйымының басшысы; Юань Вэньцзин – «Қытай-Украина білім мен ғылымды қолдау және дамыту қауымдастығы» қоғамдық ұйымының жетекшісі.
Шара университет басшылығы құттықтау сөзімен ашты. Кездесу барысында қос тараптың өкілдері таныстырылып QyzPU-дың тарихы, миссиясы, негізгі білім беру бағдарламалары және халықаралық қызметі жөнінде презентация өткізілді.
Талқылаудың негізгі тақырыптарына студенттердің академиялық алмасу бағдарламаларын іске қосу, қытайлық студенттердің Қыздар университетінде білім алуы, сондай-ақ бірлескен тағылымдамалар, семинарлар мен іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері кірді.
Әсіресе, «Ханчжоу Динъин» ұйымынан 200 студентті қабылдау мәселесіне ерекше назар аударылды. Тараптар академиялық пәндер мен кредиттерді тану, қажетті құжаттар, өтініш беру мерзімі мен іріктеу критерийлері бойынша мәселелерді қарастырды.
Кездесу білім беру саласындағы халықаралық серіктестікті нығайтуға бағытталған маңызды шара болды. Тараптар студенттер алмасуы, бірлескен жобалар мен академиялық бағдарламалар бойынша өзара ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті екендерін білдірді.
Бөлісу: