2020 жылы 975 ғылыми мақала жарияланды
-
10 ақпан, 2021
АЛМАТЫ. 10 ақпан. Баспасөз орталығы – 2020 жылы қазақстандық және шетелдік ғылыми басылымдарда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті профессор-оқытушыларының 975 мақаласы жарық көрді.
Сараптама нәтижесі:
• 1-орын – Педагогика және психология жоғары мектебі (3,6%);
• 2-орын – Филология институты (3,4%);
• 3-орын – Физика, математика, цифрлық технология жоғары мектебі (3,2%);
• 4-орын – Жаратылыстану институты (2,8%);
• 5-орын – Тарих және шетел тілдері институты (1,9%);
• 6-орын – Өнер және менеджмент институты (1,7%).
Ал сәйкес кезең аралығында Web of Science және Scopus мәліметтер базасында индекстелетін журналдардағы жарияланған мақалалар көрсеткіші – 57.
Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07
e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com
Бөлісу: