Ерлер денсаулығы: репродуктивті мәдениет пен жауапкершілікті қалыптастыру



    • Ерлер денсаулығы: репродуктивті мәдениет пен жауапкершілікті қалыптастыру

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Менталды денсаулықты дамыту орталығының бастамасымен «Ерлер денсаулығы» тақырыбында университет қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шара 2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы жариялаған Репродуктивті денсаулық апталығы аясында ұйымдастырылды.

      Іс-шараның негізгі мақсаты – репродуктивті және жалпы денсаулық туралы білім деңгейін арттыру, медициналық көмекке жүгінуге қатысты стереотиптер мен стигмаларды жою, сондай-ақ отбасылық және репродуктивті саладағы ерлердің жауапкершілігінің маңыздылығын атап өту.

      Кездесу барысында спикер – «Almaty Clinic» медициналық орталығының урологы Абдувахитов Айбек Неметжанұлы ерлердің репродуктивті денсаулығы, жиі кездесетін урологиялық аурулар, олардың алдын алу, ерте диагностика және салауатты өмір салты туралы жан-жақты ақпарат берді.

      Спикер жастар арасында жиі кездесетін мәселелерге де тоқталып, өз денсаулығына немқұрайлы қараудың салдары мен профилактикалық тексерулердің маңыздылығын нақты мысалдармен түсіндірді. Сонымен қатар зиянды әдеттердің (шылым шегу, алкоголь тұтыну, дұрыс тамақтанбау, қозғалыс белсенділігінің аздығы) ағзаға әсері туралы айтып, практикалық кеңестер ұсынды.

      Аталған іс-шара ерлердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына ықпал етіп, репродуктивті мәдениетті дамытуда маңызды қадам болды.

       

      Бөлісу: