Қазақстандық жазушы Сәуле Досжанның жаңа кітабы  жарық көрді



    • Қазақстандық жазушы Сәуле Досжанның жаңа кітабы  жарық көрді

      Бүгін білім ордамызда «Мазмұндама» баспасының ұйымдастыруымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, жазушы, журналист Сәуле Досжанның жаңа кітабы — «Өмір бәйтерегі» атты туындысының ресми тұсаукесер рәсімі өтті.

      Іс-шара барысында автор оқырмандармен ашық сұқбат құрып, шығарманың жазылу тарихы мен негізгі идеялары туралы кеңінен әңгімеледі. Кештің шарықтау шегінде қонақтар кітаптан үзінді тыңдап, туындының мазмұнымен жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болды.

      Кездесу еркін форматта өтіп, қатысушылар авторға тікелей сұрақтар қойып, қызықты әрі мазмұнды диалог жүргізді. Ең үздік сұрақ иесі автордың арнайы қолтаңбасы қойылған естелік сыйлықпен марапатталды.

      Кеш соңында қатысушылар кітап сатып алып, Сәуле Досжаннан қолтаңба алды және естелік суретке түсті.

      Іс-шара көрерменге рухани серпіліс сыйлап, әдебиетке деген қызығушылықты арттырған тағылымды әрі мәнді кездесу ретінде есте қалды.

       

      Бөлісу: