«Рестарт»: Жастарды интернет тәуелділігінен арылтуға бағытталған кездесу



    • «Рестарт»: Жастарды интернет тәуелділігінен арылтуға бағытталған кездесу

      14 мамыр күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының тапсырысы бойынша ұйымдастырылған «Рестарт» атты маңызды кездесу өтті. Іс-шараны «Адырна» ұлттық этнографиялық қоғамдық қоры жүзеге асыруда.

      Бұл шара «Жастар арасында интернетке тәуелділіктің және құмар ойындардың алдын алу бойынша іс-шаралар кешені» жобасы аясында өткізілді.

      Жобаның мақсаты — жастарды интернет кеңістігін қауіпсіз әрі тиімді пайдалануға баулу, онлайн ортада кездесетін қауіп-қатерлерден сақтандыру, сондай-ақ интернетке тәуелділік пен құмар ойындарының зияны туралы терең мағлұмат беру.

      Кездесу барысында сарапшылар мен мамандар қатысушылармен ашық сұхбат құрып, интернеттегі тәуекелдер, виртуалды тәуелділік, құмар ойындардың психологиялық және әлеуметтік зардаптары жайлы маңызды ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар қатысушыларға өзін-өзі тану мен ішкі ресурстарын арттыруға бағытталған практикалық кеңестер ұсынылды.

      «Рестарт» — бұл тек бір реттік кездесу емес, жастардың санасын жаңғыртып, салауатты өмір салтын таңдауға жігер беретін бастама.

       

      Бөлісу: