Есбол Жарылқасынұлы Шаңбаевтың «Әнім, мені алысқа жетелерсің» атты жеке шығармашылық концерті өтті



    •  Есбол Жарылқасынұлы Шаңбаевтың «Әнім, мені алысқа жетелерсің» атты жеке шығармашылық концерті өтті

      Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының «Музыка» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Есбол Жарылқасынұлы Шаңбаевтың «Әнім, мені алысқа жетелерсің» атты жеке шығармашылық концерті жоғары деңгейде өтті.

      Кеш барысында қазақ халқының рухани қазынасы саналатын дәстүрлі халық әндерімен қатар, халық композиторларының шығармалары және заманауи авторлардың сазды туындылары орындалып, көрермен қауымды ерекше әсерге бөледі. Әрбір ән мен әуен тыңдаушыларды терең ойға жетелеп, жүрек түкпірінде орын алды. Көне сарын мен қазіргі заман үні үндескен бұл кеш көрермендерге ұлттық өнердің байлығы мен сұлулығын тағы бір мәрте танытты.

      Есбол Жарылқасынұлының орындаушылық шеберлігі, сахна мәдениеті мен репертуар таңдауы оның кәсіби деңгейін ғана емес, ұлттық өнерге деген терең сүйіспеншілігін де айқын аңғартты. Шығармашылық кештің әр сәті тыңдаушыларға рухани ләззат сыйлап, музыкалық әлемнің тылсымына жетеледі.

      Кеш соңында көрермен ұстаз-орындаушыға зор қошемет көрсетіп, шынайы алғыстарын білдірді. «Әнім, мені алысқа жетелерсің» атты бұл концерт Есбол Жарылқасынұлының өнер жолындағы тағы бір жарқын белесі ретінде есте қалары сөзсіз.

      Бөлісу: