QyzPU аға оқытушы Жанна Заллединова GOLD деңгейіндегі сертификатты иеленді



    • QyzPU аға оқытушы Жанна Заллединова GOLD деңгейіндегі сертификатты иеленді

      3 мамыр күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде дәстүрлі түрде халықаралық TOEFL ITP тестілеуі сандық форматта (TOEFL ITP Digital) өткізілді.

      Нәтижесінде шетел тілдерін оқыту әдістемесі және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы Жанна Қалиасқарқызы Заллединова GOLD деңгейіндегі сертификатты иеленді.

      Сонымен қатар тестілеуді сәтті тапсырған барлық қатысушыларға ресми халықаралық сертификаттар табысталды.

      Жанна Заллединованы және барлық қатысушыларды құттықтап, болашақта кәсіби жетістіктер тілейміз!

      Бөлісу: