Педагогикалық практиканың қорытындысы: тәжірибе, шабыт, жетістік
-
12 мамыр, 2025
2025 жылғы 12 мамыр күні «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылардың педагогикалық тәжірибелерін қорытындылау конференциясы өтті.
Аталған конференцияда 2025 жылғы 20 қаңтар мен 29 наурыз аралығында өткен өндірістік педагогикалық практика мен 1 сәуір мен 12 сәуір аралығында жүргізілген дипломалды педагогикалық практикалардың нәтижелері қарастырылды. Іс-шараны шетел тілін кәсіби даярлау кафедрасының тәжірибеге жауапты PhD, аға оқытушысы Айсұлу Балтамбайқызы Нуртаева ұйымдастырды.
Шараға кәсіби тәжірибе және мансап бөлімінің басшысы Әсел Сәкенқызы Алшынова, білім беру бағдарламасының жетекшісі Айгерім Тілесбекқызы Алякбарова, сондай-ақ практика жетекшісі Айсұлу Балтабайқызы Нуртаева қатысып, бітіруші түлектерді өндірістік және дипломалды педагогикалық практикаларын сәтті аяқтауларымен құттықтады.
Практика барысында белсенділігімен, креативтілігімен, шығармашылығы және сенімділігімен ерекшеленген 4-курс студенттері қатарынан 410-топ студенті — Аженова Ұлдамет Бақытқызы М. Мақатаев атындағы №140 гимназиясынан, ал 412-топ студенті — Бахи Гуласыл Б. Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінен жұмысқа шақырту алды.
Конференция ерекше және тың форматта өтті: студенттер тәжірибе барысында алған әсерлері мен ой-пікірлерін арнайы әзірленген сұрақ билеттері арқылы ортаға салып, интерактивті ойындарға қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Бұл шара кәсіби дамумен қатар, рухани серпіліс пен шығармашылық шабыттың алаңына айналды.
Бөлісу: