QyzPU ғалымы әзірлеген «Логопедия негіздері» онлайн курсы Coursera платформасында қолжетімді
-
13 мамыр, 2025
Қазақстандық жаппай ашық онлайн курстар жинағы жаңа, мазмұнды оқу курсымен толықты. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Педагогика және психология институтының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Оразаева Гульжан Сериковна әзірлеген «Логопедия негіздері» онлайн курсы Coursera платформасында іске қосылды.
Жаңа курс заманауи логопедия ғылымының негізгі теориялық және қолданбалы аспектілерін қамтиды. Мұнда қатысушылар логопедия ғылымының даму тарихымен, сөйлеу қызметінің анатомиялық-физиологиялық негіздерімен, сөйлеу тілінің онтогенезде даму кезеңдерімен, сөйлеу бұзылыстарының жіктелуімен және оларды түзету әдістерімен танысады.
Оқу материалы тәжірибеге бағытталған. Курс аясында интерактивті тапсырмалар мен тест сұрақтары ұсынылып, білім алушылардың теориялық білімін тәжірибеде бекітуге мүмкіндік беріледі.
Бұл бағдарлама логопедияны ғылыми-практикалық тұрғыдан терең меңгергісі келетін болашақ және қазіргі педагогтар үшін пайдалы оқу құралы болмақ.
Бөлісу: