Білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағы QyzPU-да еңбек заңнамасының сақталуына қатысты тексеру жүргізді
-
12 мамыр, 2025
Ғылым және жоғары білім қызметкерлері үшін еңбек жағдайын, жұмыспен қамту және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөнінде 2023-2026 жылдарға арналған Әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісім негізінде «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ-нің орталық комитетінің мамандары Айдарбек Бектабанов және Арман Айтжанов Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде жоспарлы тексеру жұмысын жүргізді.
Тексеру барысында құқық инспекторлары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуы, келісімдер мен ұжымдық шарттардың орындалуы, сондай-ақ еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасына қатысты заңнаманың орындалу барысы қарастырылды.
Осы жоспарлы тексеру жүргізу аясында «Қазақстандық оқу-ағарту ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ-нің орталық комитетінің мамандары университетіміздің Басқарма Төрағасы – Ректоры Гүлмира Қанаймен кездесіп, өзекті мәселелер талқыланды.
Бөлісу: