«Арнайы педагогика» білім беру бағыты бойынша ХVІI Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың ІІ кезеңі



    • «Арнайы педагогика» білім беру бағыты бойынша ХVІI Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың ІІ кезеңі

      Бүгін «Арнайы педагогика» бағыты бойынша XVІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.

      Студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту, арнайы педагогика саласында білімдерін тереңдету және практикалық дағдыларын нығайту. Сонымен қатар болашақ мамандардың кәсіби белсенділігін ынталандыру, үздік студенттерді анықтау және олардың ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын арттыру – шараның басты мақсаты.

      Іс-шараға «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 3 курс студенттері қатысты.

      Олимпиада екі кезеңнен тұрды: I кезең – «Кәсіби дебют: Жоғары жетістікке жетуге нақты қадам» тақырыбы бойынша жоба әзірлеу; II кезең –Студенттердің кәсіби білімін бағалауға арналған тестілеу.

      Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар 100 баллдық жүйемен анықталды. Жарыс қорытындысы бойынша ІІІ орын Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (36 балл), Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті (31 балл) және Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті (29 балл) иеленді. ІІ орын  Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (57 балл) мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне (50 балл) бұйырды. Ал І орынды А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті  (67 балл) жеңіп алды.

      Сонымен қатар ерекше белсенділік танытқан студенттер мен үздік жобалар иегерлері арнайы марапаттарға ие болды.

      Барлық қатысушыларды, жеңімпаздарды және олардың ғылыми жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің табыстарыңыз — еліміздегі арнайы және инклюзивті білім беру сапасын арттыруға қосылған маңызды үлес!

      Бөлісу: