QyzPU студенті Республикалық олимпиадада жүлдегер атанды



    • QyzPU студенті Республикалық олимпиадада жүлдегер атанды

      Абылай хан атындағы әлем тілдері және халықаралық қатынастар университетінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасында «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы бойынша республикалық пәндік олимпиада өтті.

      Аталған білім сайысында еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздік студенттер өз білімдері мен тілді меңгеру деңгейлерін сынға салды. Олимпиада қорытындысы бойынша QyzPU студенті, Филология институтының мақтанышы Юнусметова Покиза жоғары нәтиже көрсетіп, түрік тілі бойынша жүлделі ІІ орынды иеленді.

      Оның бұл жетістігі – тек жеке қабілетінің емес, сонымен қатар сапалы білім мен білікті жетекшілік еңбегінің жемісі. Студенттің ғылыми жетекшісі – магистр, аға оқытушы Рахымбай Бауыржан.

      Юнусметова Покизаны және жетекшісін шын жүректен құттықтай отырып, алдағы шығармашылық табыстар мен биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!
       

      Бөлісу: