Халықаралық ғылыми тағылымдама аясында тәжірибе алмасу



    • Халықаралық ғылыми тағылымдама аясында тәжірибе алмасу

      Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының ұйымдастыруымен «Ғылым айы 2025» жоспарына сәйкес «Математика білімінің халықаралық тәжірибесі: шет елдегі оқу бағдарламалары мен оқу үдерісі» тақырыбында ғылыми семинар өткізілді.

      Семинар барысында 3 курс докторанттары Гульниет Батырбаева мен Гулина Оразәлі Польша Республикасындағы Мария Кюри-Склодовская университетінде өткен ғылыми тағылымдамасының мазмұны мен нәтижелерімен бөлісті.

      Докторанттар шетелдік жоғары оқу орындарындағы математика пәнін оқыту мазмұны, оқу бағдарламаларының құрылымы, білім беру үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері, заманауи педагогикалық әдістер мен цифрлық ресурстарды пайдалану тәжірибесіне кеңінен тоқталды.

      Ғылыми семинар қатысушылардың халықаралық тәжірибе туралы танымын кеңейтіп, кәсіби дамуына оң әсер етті.

      Бөлісу: