«Жұмадағы жүздесу» жобасы аясында әйелдер көшбасшылығы мен гендерлік теңдік мәселелері талқыланды
-
02 мамыр, 2025
Бүгін «Кәсіби тәжірибе және мансап» бөлімінің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Жұмадағы жүздесу» жобасы аясында маңызды кездесу өтті. Бұл жолғы шара «Әйелдер көшбасшылығы және гендерлік теңдік» тақырыбына арналды.
Іс-шараның құрметті қонағы – “Zaman” элиталық қазақ мектебінің Академиялық директоры, Тлеулина Тлектес Баржаксыевна.
Кездесудің мақсаты – қазіргі қоғамдағы әйелдердің көшбасшылық әлеуетін арттыру, жастарға мотивация беру және гендерлік теңдік ұғымының маңыздылығын түсіндіру.
Спикер қатысушылармен өзінің өмірлік тәжірибесімен, кәсіби жолындағы жетістіктерімен бөлісіп, әйелдердің қоғамдық және кәсіби өмірдегі орны мен үлесі туралы терең ой қозғады.
Кездесу барысында тыңдаушыларға көшбасшылық қабілеттерді дамыту, өзіне сенімді болу, кәсіби ортада тең мүмкіндіктерге қол жеткізу жолдары бойынша практикалық кеңестер берілді. Сондай-ақ гендерлік теңдікті қамтамасыз ету – тек әйелдердің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екені атап өтілді.
Іс-шара сұрақ-жауап форматында жалғасып, студенттер мен қатысушылар кәсіби маманға көкейде жүрген сауалдарын қойып, мазмұнды әрі әсерлі диалог орнатты.
Бұл кездесу жастардың саналы көзқарасын қалыптастырып, болашақ мамандардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға тың серпін берді.
Бөлісу: