QyZPU студенттерінің кезекті жеңісі



    • QyZPU студенттерінің кезекті жеңісі

      Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу педагогикасы» даярлау бағыты бойынша «Мектепке дейінгі білім беру тәжірибесіндегі ұлттық құндылықтарды қолдану ерекшеліктері» атты XVII Республикалық пәндік олимпиада өтті.

      Жарысқа Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінен «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Наргиза Сафуанова, Фатима Орунбасарова, Аяулым Кенесбекова, Мақпал Кулбек қатысты.

      Олимпиада қорытындысы бойынша QyZPU студенттері I орынды иеленді.

      Топ жетекшілері — Мектепке дейінгі білім беру кафедрасының бағдарлама жетекшісі Ақгүл Жұбандықова, оқытушылар Майра Абдурахманова мен Орал Серікова — команданы дайындап, студенттердің шығармашылық дамуына қосқан елеулі үлестері үшін алғыс хаттармен марапатталды.

      Студенттеріміздің әрбір жетістігі – ұжымдық еңбектің жемісі әрі ортақ мақтанышымыз. Жеңімпаз студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

       

      Бөлісу: