Аспанды бағындырған – Хиуаз ана



    • Аспанды бағындырған – Хиуаз ана

      Физика математика және цифрлық технологиялар институты, «Ақпараттық технологиялар және кітапхана ісі» кафедрасының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Аспанды бағындырған – Хиуаз ана» атты танымдық рухани кеш өтті.

      Бұл іс-шараның негізгі мақсаты — өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді, тарихи тұлғаларға деген құрмет пен рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.

      Кеш аясында көрермендерге Хиуаз Доспанованың ерлікке толы ғұмыры туралы деректі фильм көрсетіліп, оның соғыс жылдарындағы қаһармандық істері мен елге сіңірген еңбегі кеңінен баяндалды. Ән, хор және арнау жырлар орындалып, көрермендердің жүрегін тербеп, кешті әсерлі сәттерге толтырды.

      Кештің айрықша сәті — Хиуаз Доспанованың ұлы, Ерболат Шәкуұлымен өткен ашық сұқбат болды. Қонағымыз анасының өмірінен сыр шертіп, оның адами қасиеттері, батырлық рухы, ұлт алдындағы ұлағатты ұстанымдары жайлы естеліктермен бөлісті. Еркін форматта өткен сұқбат барысында көрермендер көкейіндегі сауалдарын қойып, жүздесуді рухани тағылымға толы етті.

       

      Бөлісу: