QyzPU Физика кафедрасының студенттері Республикалық пәндік олимпиадада жүлделі орын иеленді



    • QyzPU Физика кафедрасының студенттері Республикалық пәндік олимпиадада жүлделі орын иеленді

      24-25 сәуір күндері Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде «Физика пәні мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша студенттер арасында XVII Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға Қазақстанның әр өңірінен 12 команда қатысты.

      Физика кафедрасының оқытушысы, магистр Нысан Гүлшат Мұқанқызының ғылыми жетекшілігімен «Физика-информатика» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Мадиярова Анель Асқарқызы, «Физика» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері Үсен Айзере Кеттешқызы және Иристаева Шахноза Кадиржановна олимпиадаға қатысып, командалық есепте жүлделі III орынды иеленді.

      Бұл жеңіс студенттердің терең білімін, қажырлы дайындық пен еңбектің жемісін көрсетеді. Жеңімпаздар мен олардың жетекшісін шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да жаңа табыстар тілейміз!

      Бөлісу: