QyzPU студенттерінің олимпиададағы жетістігі



    • QyzPU студенттерінің олимпиададағы жетістігі

      25 сәуір күні Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Информатика мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалары тобы бойынша жоғары оқу орындарының студенттері арасында Республикалық пәндік олимпиада өтті.

      Аталмыш олимпиадаға еліміздің әр өңіріндегі жетекші жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, өз білімдері мен кәсіби дайындықтарын сынға салды.

      Республикалық олимпиадаға университетіміздің Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының «Информатика және робототехника» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Зулпыхар Каусар және 3 курс студенті Әбдірасіл Айдана қатысып, жүлделі III орынға ие болды. Студенттерге информатика кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Серік Мұқтарұлы Кенесбаев жетекшілік жасады.

      Бұл жетістік – университетіміздегі білім беру сапасының, оқу процесінің практикалық бағыттылығының және студенттеріміздің бәсекеге қабілеттілігінің айқын дәлелі.

      Студенттерімізді, ғылыми жетекшілерін және барлық қолдау көрсеткен ұжым мүшелерін осы жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Оқу, ғылым және инновация саласындағы еңбектеріңіз әрқашан табысты болсын!

       

      Бөлісу: