«Тақиялы періште»: Жастар өнері мен ұрпақ сабақтастығы
-
29 сәуір, 2025
Бүгін Филология институтының «Тұмар» студенттік театры және Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің өнерпаздары көпшілік назарына «Тақиялы періште» қойылымын ұсынды.
Кеңес дәуіріндегі танымал комедиялық фильмге жаңаша серпін беріп, аға буын өкілдерінің жастық шағын еске түсіру, сондай-ақ ұрпақтар арасындағы рухани байланысты нығайту — қойылымның басты мақсаты.
Студенттер кәсіби деңгейде өнер көрсетіп, сахналық шеберліктерін танытты. Қойылым көрермендерді кеңес кезеңінің мәдениетіне жетелеп, жеңіл әзіл мен шынайы эмоциялар арқылы жастардың өнерге деген қызығушылығын арттырды.
Талантты студенттер образдарды сәтті ашып, кейіпкерлердің мінезін нанымды жеткізе білді. Әсіресе басты кейіпкердің бейнесі көрермендер тарапынан ерекше ықыласқа ие болды.
Бұл шара өткен мен бүгінді сабақтастырып, ұлттық өнер мен мәдениетті жаңғырту жолында маңызды қадам болды. «Тақиялы періште» қойылымы жастардың шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймай, көрермендердің ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға ықпал етті. Кеш соңында көрермендер студент актерлердің еңбегі мен шеберліктеріне зор алғыстарын білдірді.
Бөлісу: