Физиканы оқытуда цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланудың әдістемелік негіздері



    • Физиканы оқытуда цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланудың әдістемелік негіздері

      «Ғылым айы-2025» аясында университетімізде Физика кафедрасының ұйымдастыруымен «Физиканы оқытуда цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланудың әдістемелік негіздері» тақырыбында ғылыми семинар өткізілді.

      Шараға физика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы мен «Физика» білім беру бағдарламасының 2 курс магистранттары белсене қатысты. Семинарда магистранттар Ардақ Жавлиева мен Жансая Билалова өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті.

      Жиын барысында қазіргі заманғы цифрлық технологиялардың білім беру үдерісіндегі орны, физика сабақтарын заманауи әдістермен байыту мүмкіндіктері және мультимедиалық ресурстарды пайдалану арқылы оқушылардың ғылыми танымын дамыту жолдары жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар білім беру сапасын арттыруға бағытталған тәжірибелік ұсыныстар мен әдістемелік шешімдер ұсынылды.

      Аталған ғылыми басқосу магистранттар үшін теориялық білімді практикалық тәжірибемен ұштастыруға, кәсіби шеберліктерін жетілдіруге және ғылыми ойлау қабілеттерін дамытуға тың серпін берді.

       

       

      Бөлісу: