Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқыту жолдары: онлайн сауалнама әдістемесі



    • Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқыту жолдары: онлайн сауалнама әдістемесі

      Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқыту жолдары: онлайн сауалнама әдістемесі» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.

      Іс-шараның негізгі мақсаты – деректерді жинау әдістерінің бірі ретінде онлайн сауалнаманы пайдалана отырып, ғылыми жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.

      Шараға білім алушылар, магистранттар, оқытушылар және жас ғалымдар қатысты. Кездесуде онлайн сауалнамаларды әзірлеу, енгізу және талдау жүйесі талқыланып, бағдарламаны құрастыру, сондай-ақ жиналған деректердің сапасын жақсарту мақсатында жасалатын жұмыстар туралы сөз қозғалды.

      Жиын барысында Narxoz университетінің қонақ оқытушысы, профессор, PhD докторы Айгүл Сейітжанқызы онлайн сауалнамалар жүргізудегі тәжірибесімен бөлісіп, сауалнаманы құрудың озық әдістері мен онлайн зерттеулерде жиі кездесетін қателіктерді болдырмау жолдары туралы ақпарат берді.

      Ғылыми семинар соңында қатысушылардың қойған сауалдары талқыланып, ғылыми пікірталасқа ұласты. Іс-шара әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы білім алушылар мен оқытушылар үшін өзекті мәселелерді талқылап, ғылыми әлеуетті дамытуға ықпал ететін маңызды алаңға айналды.

      Конец формы

       

       

       

       

      Бөлісу: