QyzPU мен Sungshin Women's University ынтымақтастығын нығайтуда



    • QyzPU мен Sungshin Women's University ынтымақтастығын нығайтуда

      Бүгін QyzPU-ға Оңтүстік Кореядағы Sungshin Women's University-дің халықаралық және сыртқы байланыстар кеңсесінің басшысы Lee Hyung Min бастаған делегация ресми сапармен келді. Делегация құрамында сондай-ақ халықаралық байланыстар және қызметтер бөлімінің қызметкерлері Kim Il, Noh Yun Kyung және Lee Jong Min бар.

      Бұл сапар 2018 жылы екі университет арасында қол қойылған өзара түсіністік туралы алғашқы Меморандумнан бастау алған серіктестікті одан әрі дамытуға бағытталған кезекті маңызды қадам болды.

      Кездесу барысында тараптар қос дипломдық білім беру бағдарламаларын дамыту, магистранттар мен докторанттар үшін бірлескен ғылыми жетекшілік жасау, академиялық тағылымдамаларды ұйымдастыру, білім беру сапасын арттыру және ғылыми зерттеулерді дамыту мәселелерін талқылады.

      Тараптар нақты бастамаларды іске асыру жолдарын қарастырып, күш-жігерді үйлестіру тетіктерін пысықтады. Білім беру процесін интернационалдандыру және Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы академиялық байланысты нығайту басты назарда болды.

      Sungshin Women's University делегациясының сапары – екі жоғары оқу орнының өзара ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендігінің жарқын көрінісі.

       

      Бөлісу: