QyzPU студенті XVII Республикалық пәндік олимпиадада І орынға ие болды
-
28 сәуір, 2025
24-25 сәуір күндері Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында “География” пәнінен XVII Республикалық олимпиада өтті.
Олимпиадаға еліміздің әр түрлі өңірлерінен 18 жоғары оқу орнының студенттері қатысты. Байқау барысында қатысушылар өздерінің білімдері мен кәсіби дайындықтарын сынға салып, бір-бірімен тәжірибе алмасты.
Аталмыш сайысқа Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Жаратылыстану институты География білім беру бағдарламасының 3-4 курс студенттері Айжан Мұхтарова мен Айсауле Балтабай қатысып, өз бақтарын сынады.
Олимпиада қорытындысы бойынша жеке есепте Айсауле Балтабай топ жарып, I орынды иеленді. Командаға География кафедрасыныңбағдарлама көшбасшысы PhD, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Ердаулет Тулегенов Аскарбекұлы жетекшілік жасады.
Университетіміздің мәртебесін арттырып, жеңіс тұғырына көтерілген студенттер мен олардың жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз! Жеңісті күндеріңіз көп болсын!
Бөлісу: