Қанатты дос — табиғаттың тартуы



    • Қанатты дос — табиғаттың тартуы

      Жаратылыстану институтында «Ғылым айы» аясында Дүниежүзілік құстарды қорғау күніне орай «Қанатты дос — табиғаттың тартуы» атты семинар ұйымдастырылды. Бұл шараның негізгі мақсаты — студенттердің табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, құстар әлемінің маңыздылығын ұғындыру және оларды қорғау мәдениетін қалыптастыру.

      Семинар бағдарламасы шеңберінде студенттер құстарды қорғауға арналған ғылыми-зерттеу жобаларын таныстырды. Әрбір қатысушы өз жобасын қорғап, құстардың табиғаттағы орны, олардың санының азаю себептері және қорғау шаралары жөніндегі зерттеу нәтижелерін жан-жақты баяндады. Тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныстар ғылыми пікірталас алаңын жандандырып, оның ауқымын кеңейтті.

      Шарада шығармашылық нөмірлер көрсетіліп, экологиялық тақырыптағы көрмелер ұйымдастырылды. Семинар соңында белсенді қатысушылар мен үздік жобалар иегерлері марапатталып, жетекшілер тарапынан құттықтау сөздері айтылды.

      Бұл семинар студенттердің табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттырып, олардың экологиялық сана-сезімін қалыптастыруға бағытталған маңызды алаңға айналды. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға арнайы Алғыс хаттар табысталып, естелік суреттерге түсті.

      Ұйымдастырушылар барша қатысушыларға ризашылық білдіріп, табиғатты қорғау бағытындағы бастамалардың алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім білдірді.

      Бөлісу: