Жұмадағы жүздесу: Кәсіби этика және корпоративтік мәдениет
-
25 сәуір, 2025
Бүгін «Кәсіби тәжірибе және мансап» бөлімінің ұйымдастыруымен «Жұмадағы жүздесу» жобасы аясында «Кәсіби этика және корпоративтік мәдениет» тақырыбындағы кездесу өтті.
«Жұмадағы жүздесу» жобасының қонағы – М. Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназиясының директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сафура Темурбаева болды.
Жиын барысында кәсіби этика мен корпоративтік мәдениеттің маңызы, жұмыс орындарындағы этикалық нормалар мен ұжымдық қарым-қатынастарды тиімді ету жолдары талқыланды. Сафура Темурбаева кәсіби ортада этикалық құндылықтарды сақтау, өзара құрмет пен сенімділікті қалыптастырудың маңызына тоқталды. Сонымен қатар ұжымдық рухты нығайту үшін коммуникативтік дағдылар мен бірлескен мақсаттарды алға қою қажеттігін атап өтті.
Студенттер тағылымды кездесуде жұмыс орнындағы этикалық нормаларды сақтау, ұжымдық қарым-қатынас орнату және коммуникативтік дағдыларды дамыту арқылы тиімді командада жұмыс істеу дағдыларын меңгереді. Бұл шаралар жастардың кәсіби ортаға бейімделуіне және табысты жұмыс істеуіне ықпал етеді.
Бөлісу: