QyzPU ұсынған “Ғылыми мектеп” бағдарламасы өз мәресіне жетті
-
25 сәуір, 2025
22–25 сәуір аралығында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен жоғары оқу орындарының ізденушілері мен докторанттарына арналған Ғылыми мектеп бағдарламасы өз мәресіне жетті. Бағдарлама болашақ ғалымдардың зерттеу жұмыстарын сапалы жүргізуіне, диссертацияларын талапқа сай жазуына, сондай-ақ академиялық адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын ұстануына бағытталды.
Ғылыми мектеп бағдарламасы төрт модульден тұрады: І модуль – Докторлық диссертацияны сәтті қорғаудың жолдары мен талаптары. PhD жаңаформаты; ІІ модуль – Зерттеу дизайны жәнеғылыми зерттеу әдістері; ІІІ модуль – Ғылымимақалалар мен диссертация жазудағы академиялықпринциптер мен стандарттар; IV модуль – Ғылымиэтика және зерттеу жауапкершілігі. Зерттеуқызметіндегі жасанды интеллект.
Ғылыми мектептің спикерлері – «Болашақ» бағдарламасының түлектері, ғылыми кадрларды даярлауға үлес қосып жүрген, озық ғылыми жарияланымдар мен заманауи кітаптардың авторлары.
36 сағатты қамтыған курс барысында докторлық диссертацияны табысты қорғаудың талаптары мен тиімді тәсілдері, сондай-ақ PhD бағдарламасының жаңартылған форматы жан-жақты қарастырылды. Зерттеу дизайны мен ғылыми әдістерге ерекше назар аударылды. Ғылыми еңбек пен мақалалар жазудағы академиялық стандарттар мен талаптар түсіндірілді. Сонымен бірге ғылыми этика, зерттеушінің жауапкершілігі және зерттеу барысындағы жасанды интеллектті қолдану мәселелері талқыланды.
Аталмыш курс қатысушыларға академиялық жазылым талаптары, ғылыми этика, зерттеушілік жауапкершілік және жасанды интеллектті тиімді қолдану бойынша кешенді білім берді. Олар курс нәтижесінде ғылыми жұмыстарын жоғары сапада жазу, дұрыс құрылымдау және зерттеу процесін тиімді басқару дағдыларын жетілдірді. Сонымен қатар курсты сәтті аяқтаған жоғары оқу орындарының ізденушілері мен докторанттарына сертификаттар табысталды.
Бөлісу: