Сәбит Мұқанов: Қазақ әдебиетінің ұлы тұлғасы



    • Сәбит Мұқанов: Қазақ әдебиетінің ұлы тұлғасы

      25 сәуір  көрнекті жазушы, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына орай «Сәбит Мұқанов: Қазақ әдебиетінің ұлы тұлғасы» атты әдеби кеш өтті.

      Іс-шараны «Оқырмандарға қызмет көрсету, анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет бөлімі» мен Филология институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс студенттері бірлесіп ұйымдастырды.

      Мақсаты –  Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармаларын кеңінен таныту, әдеби мұрасының маңызын ұғындыру және студенттердің әдебиетке қызығушылығын арттыру.

      Шара барысында студенттер жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған баяндамалар жасап, өлеңдерінен үзінділер оқыды, көркем шығармаларынан сахналық қойылымдар қойды. Сондай-ақ кітапхана қорынан жазушыға қатысты кітаптар мен мақалалар көрмесі ұйымдастырылды.

      Кеш соңында қатысушылар Сәбит Мұқановтың қазақ әдебиетіндегі орнын атап өтіп, оның шығармашылық мұрасын насихаттаудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар шараға белсене қатысқан студенттерге Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды

      Бөлісу: