ШЕКТЕУСІЗ МАГИСТРАТУРА: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАҒЫЛЫМДАМАЛАР ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ПЕРСПЕКТИВАЛАР



    • ШЕКТЕУСІЗ МАГИСТРАТУРА: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАҒЫЛЫМДАМАЛАР ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ ПЕРСПЕКТИВАЛАР

      «Информатика» және «Информатика білім беру» бағдарламаларының 2-курс магистранттары бакалавриаттың бітіруші курс студенттеріне арналған «Шектеусіз магистратура: халықаралық тағылымдамалар және мансаптық перспективалар» атты ғылыми семинар өткізді. Іс-шара студенттердің ғылыми зерттеулерге деген қызығушылығын арттырып, оларға магистратура бағдарламасына түсу мүмкіндіктері мен тағылымдамаларға қатысу шарттарын түсіндіруге бағытталды.

      Кездесу интерактивті түрде өтті. Студенттерге ғылыми-зерттеу жұмыстарының маңызды аспектілерін түсіндіріп, олардың болашақтағы мансаптық жолдарын айқындауға көмектесу – шараның басты мақсаты.

      Жиын барысында магистранттар Анкара қаласындағы Гази университетінде өткен екі апта бойы ғылыми тағылымдама нәтижелерімен бөлісіп, зерттеу жұмыстарының барысы мен жинақталған тәжірибелері туралы айтып берді. Сонымен қатар олар магистрлік диссертация шеңберінде жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде алынған авторлық құқықпен қорғалған куәліктерін таныстырды.

      Шарада магистратураға түсу шарттары, шетелдік тағылымдамаларға қатысу мүмкіндіктері, магистрлік диссертация тақырыптарын таңдау және ғылыми жұмыс жүргізудегі практикалық кеңестер ұсынылды. Бітіруші курс студенттері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, магистранттардан нақты жауаптар мен пайдалы кеңестер алды.

      Бұл семинар студенттердің ғылыми зерттеулерге деген қызығушылығын арттырып, оларға магистратура бағдарламасына түсу мүмкіндіктері мен тағылымдамаларға қатысу шарттарын тереңірек түсінуге көмектесті.

      Бөлісу: