Жаңа буын – жаңа ғылым: Студенттік зерттеулер көкжиегі



    • Жаңа буын – жаңа ғылым: Студенттік зерттеулер көкжиегі

      24 сәуір күні Жаратылыстану институты Биология кафедрасының оқытушылары Бекзат Аденова және Жангүл Жумагулованың жетекшілігімен «Биология» білім беру бағдарламасының 206  топ студенттерінің  ұйымдастыруымен «Жаңа буын – жаңа ғылым: Студенттік зерттеулер көкжиегі» тақырыбында ғылыми семинар өтті.

      Аталған іс-шараның мақсаты – студенттердің ғылыми әлеуетін арттыру, зерттеушілік қабілетін қолдау және түрлі бағыттағы ғылыми жобаларды көпшілік назарына ұсыну.

      Семинар барысында әрбір команда өздерінің ғылыми жобаларын таныстырып, зерттеулерінің мақсаттарын, әдістерін және нәтижелерін жан-жақты баяндады. Тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтар мен пікірлер ғылыми пікірталасқа ұласып, өзара талқылауларға мүмкіндік берді. Сонымен қатар бағдарлама аясында шығармашылық нөмірлер де ұсынылды.

      Бұл ғылыми семинар студенттердің білімге және ғылымға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың кәсіби дамуына серпін беретін маңызды алаңға айналды.

       Іс-шара соңында барлық қатысушылар арнайы алғыс хаттармен марапатталып, естелік фотоға түсті.

      Бөлісу: