Когнитивті қабілеттер мен эмоцияларды басқару тренингі
-
23 сәуір, 2025
Бүгін «Оқырмандарға қызмет көрсету және ақпараттық-библиографиялық бөлімі» ұйымдастыруымен студенттерге арналған «Когнитивті қабілеттерді дамыту» және «Эмоцияны басқару – табысты тұлғаның дағдысы» тақырыбындағы мазмұнды тренинг өтті. Тренингке әр түрлі институттардан мүмкіндігі шектеулі студенттер қатысты.
Іс-шараның мақсаты – жастардың ойлау, есте сақтау, зейін және эмоцияны реттеу дағдыларын жетілдіру арқылы олардың жеке дамуында сенімді әрі нәтижелі қадамдар жасауына ықпал ету.
Жиын барысында қатысушылар зейін, есте сақтау және ойлау процестерін жақсартудың әдістерімен танысты. Студенттер армандары мен мақсаттарын пластилин арқылы бейнелеп, өзін-өзі білдіру қабілеттерін дамытты. Сонымен қатар эмоцияны тану, түсіну және басқару жолдарына ерекше назар аударылды.
Еркін форматта өткен шарада интерактивті жаттығулар, топтық тапсырмалар мен ашық пікір алмасу қатысушылардың белсенділігін арттырып, тренингтің мазмұнын тереңдетіп, әсерлі етті.
Кездесудің қорытындысында қатысушы студенттерге Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Бұл тренинг студенттердің өзін-өзі тануына, тұлғалық дамуына және болашақтағы табысты жолына зор серпін берді.
Бөлісу: