Студенттермен нашақорлықтың алдын алуға арналған кездесу өтті



    • Студенттермен нашақорлықтың алдын алуға арналған кездесу өтті

      23 сәуір күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Наркостоп» қоғамдық қорының маманы Тажибаев Ерлан студенттермен кездесу өткізді.

      Кездесуді Менталды денсаулықты дамыту орталығы ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты — жастар арасында есірткі, психоактивті заттар және зиянды әдеттердің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ тәуелділікке итермелейтін себептер мен оның психологиялық салдарын түсіндіру.

      Жиын барысында маман студенттерге нақты өмірден алынған мысалдар келтіре отырып, нашақорлықтың жеке тұлға мен қоғам үшін қаншалықты қауіпті екенін айтты. Сонымен қатар тәуелділікке қарсы тұрудың психологиялық әдістері, ішкі мотивацияны арттыру жолдары және стресспен күресу тәсілдері жөнінде кеңестер берілді.

      Интерактивті форматта өткен шарада студенттер белсенділік танытып, пікірлерін ортаға салды және түрлі тренингтік жаттығуларға қатысты. Кездесу жастардың есірткі мен зиянды әдеттерге қатысты сыни көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.

       

       

       

      Бөлісу: