Наурыз мейрамы – тағылым мен тәрбиенің ұлы бастауы



    • Наурыз мейрамы – тағылым мен тәрбиенің ұлы бастауы

      Педагогика және психология институтының Мектепке дейінгі білім беру кафедрасының ұйымдастыруымен "Наурыз мейрамы – тағылым мен тәрбиенің ұлы бастауы" атты салтанатты мерекелік іс-шара өтті.

      Мақсаты – халқымыздың көктемнің келуін паш ететін ұлы мерекесі Наурыздың мән-мағынасын тереңінен ашу, оның тарихи және мәдени тағылымын насихаттау арқылы жастарды достыққа, бірлікке, ынтымақ пен өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

      Шара барысында қатысушыларға Наурыз мейрамының шығу тарихы, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар туралы кеңінен мағлұмат берілді. Мерекелік жиын студенттердің рухани жаңғыруына, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге бағытталған тағылымды тәрбие сағатына айналды.

      Аталмыш шараның жоғары деңгейде өтуіне кафедра ұжымы мен студенттер белсенді атсалысып, мерекенің шынайы рухын сезіндіре білді.

       

      Бөлісу: