Физикалық процестерді модельдеу аясындағы ғылыми зерттеу
-
23 сәуір, 2025
Физика кафедрасының ұйымдастыруымен «Физикалық процестерді модельдеу аясындағы ғылыми зерттеу» атты ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қатысушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту, физикалық процестерді зерттеу мен модельдеу әдістерін таныстыру және тәжірибе алмасу.
Семинар жұмысына магистранттар, докторанттар, кафедра оқытушылары мен жас ғалымдар қатысты. Кездесу барысында физикалық құбылыстарды модельдеудің заманауи әдістері, сандық және аналитикалық тәсілдер, компьютерлік модельдеу технологиялары талқыланды. Қатысушылар ғылыми жобаларын таныстырып, тәжірибелерімен бөлісті.
Шара аясында физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Татенов Адамбек Махсутович «Физикалық процестерді модельдеу» тақырыбында баяндама жасап, өзінің ғылыми зерттеу нәтижелерін ұсынды. Ол физикалық процестерді математикалық модельдеу әдістері, модельдердің дәлдігін арттыру жолдары және модельдеу нәтижелерін тәжірибелік деректермен салыстыру мәселелеріне тоқталды.
Ғылыми тәжірибелік семинар соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар талқыланып, ғылыми пікір алмасу жүргізілді. Іс-шара физика саласындағы жас зерттеушілер үшін өзекті мәселелерді көтеріп, олардың ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды платформаға айналды.
Бөлісу: