Республикалық пәндік олимпиаданың қорытындысы анықталды
-
22 сәуір, 2025
19 сәуір күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Жаратылыстану институты ұйымдастыруымен «Химия, биология және география пәндері бойынша мектептердің 9-10 сыныптардың оқушылары арасында Республикалық пәндік олимпиада» өтті.
Олимпиада Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры – Балажанова Қымбат Магитаевнаның алғы сөзімен ашылды.
Білім сайысына 158-ге жуық зияткер оқушы қатысып, өзара бақ сынасты. Олимпиада қорытындысы бойынша 7 оқушы І орын, 16 оқушы ІІ орын, 38 оқушы ІІІ орын иеленіп, тиісті дәрежелі дипломдармен марапатталды. Қалған қатысушыларға олимпиадаға белсенді қатысқандары үшін сертификаттар табысталды.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан оқушыларды дайындаған жетекшілер Жаратылыстану институтының директоры Байташева Гаухар Умиралиевна тарапынан алғыс хаттармен марапатталды.
Бөлісу: