Ғылыми мектеп: Білім мен зерттеуге бастау
-
22 сәуір, 2025
Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен жоғары оқу орындарының ізденушілері мен докторанттарына арналған Ғылыми мектеп бағдарламасы басталды.
Ғылыми мектеп бағдарламасы төрт модульден тұрады: І модуль – Докторлық диссертацияны сәтті қорғаудың жолдары мен талаптары. PhD жаңа форматы; ІІ модуль – Зерттеу дизайны және ғылыми зерттеу әдістері; ІІІ модуль – Ғылыми мақалалар мен диссертация жазудағы академиялық принциптер мен стандарттар; IV модуль – Ғылыми этика және зерттеу жауапкершілігі. Зерттеу қызметіндегі жасанды интеллект.
Ғылыми мектептің спикерлері – «Болашақ» бағдарламасының түлектері, ғылыми кадрларды даярлауға үлес қосып жүрген, озық ғылыми жарияланымдар мен заманауи кітаптардың авторлары. Бағдарлама көлемі 36 сағатты қамтиды. Курстың құны –15000 теңге.
Айта кетейік, аталмыш бағдарлама 25 сәуірге дейін жалғасады. Іс-шараны сәтті аяқтаған тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.
Бөлісу: