Жастар және заң: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
-
21 сәуір, 2025
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицері–Архимед Саухымовпен кездесу өтті. Шараға 500 астам студент қатысты.
Іс-шара жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және күнделікті өмірде заңдарды сақтаудың маңыздылығын түсіну деңгейін арттыру үшін «заң және тәртіп» идеологиясын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мағлұматтар берілді.
Студенттерге заңдар мен өзін-өзі ұстау ереже нормаларын сақтау олардың әл-ауқатына ғана емес, қоғамға да ықпал ететіндігінің әртүрлі мысалдары келтірілді.
Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің маманы еліміздің тұрақтылығы мен өркендеуіне кепілдік беретін негізгі қағида ретінде заңдылықты сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Студенттерге белсенді қатысқаны үшін алғысын айтып, студенттік ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды жалғастыру туралы өз пікірін білдірді.
Сондай-ақ, заңдар мен белгіленген ережелерді сақтау жеке жауапкершіліктің ғана емес, жалпы қоғамның өркендеуінің де негізі болып табылатынын еске салды.
Бөлісу: