AI болашағы: білім беру процесінде жасанды интеллект шешімдерін қолдану



    • AI болашағы: білім беру процесінде жасанды интеллект шешімдерін қолдану

      "Ғылым айы – 2025" аясында Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының ұйымдастыруымен QyzPU профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттер, магистранттар мен докторанттарға арналған «AI болашағы: білім беру процесінде жасанды интеллект шешімдерін қолдану» тақырыбында ғылыми кездесу өткізілді.

      Іс-шараның негізгі мақсаты – жасанды интеллект технологияларының білім беру саласында қолдану жолдарын талқылау.

      Кездесудің арнайы қонағы – Сүлейман Демирел университетінің түлегі «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі, Mamen.ai компаниясының негізін қалаушысы, кәсіпкер Ерболат Мамен.  

      Кездесу барысында қатысушылар жасанды интеллект көмегімен креативті жобаларды, мультимедиялық құралдарды жасауды түрлі мысалдар арқылы көре алды. Қатысушылар жасанды интеллект құралдарының қолдану жолдарын тәжірибе жүзінде байқап көріп, оның шынайы өмірдегі тиімділігін бағалалады.

      Бұл кездесу жасанды интеллектке деген қызығушылықты арттырып қана қоймай, оның ғылыми-зерттеу, креативті өндіріс және цифрлық білім беру салаларындағы қолдану мүмкіндіктерін кеңінен көрсету арқылы  ерекшеленді. Мұндай шаралар кәсіби дамуға жол ашып, жаңа технологияларды тиімді меңгеруге үлкен серпін береді. 

       

      Бөлісу: