ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ПЕДАГОГТАРДЫ КӘСІБИ ДАЯРЛАУ КУРСТАРЫ
-
21 сәуір, 2025
Университет қабырғасында болашақ педагогтардың кәсіби даярлығын арттыру мақсатында "Басшылар үшін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау", сондай-ақ "Білім беру саласындағы қызметкерлер үшін өрт-техникалық минимум" курстары ұйымдастырылды.
Курстың негізгі мақсаты – қатысушылардың еңбек қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі саласындағы білімдерін тереңдету, құқықтық және практикалық дағдыларын дамыту арқылы қауіпсіз оқу және еңбек ортасын қамтамасыз етуге дайын болуын қалыптастыру.
Оқыту барысында еңбек қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған негізгі заңнамалық актілер мен нормативтік құжаттар жан-жақты түсіндірілді. Әсіресе, қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастыру мен қолдаудың маңыздылығы, қызметкерлердің және білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғаудың негізгі тетіктері ерекше назарда болды.
Қауіпсіз тіршілік ортасын сақтау – болашақ педагогтарды кәсіби оқытудағы негізгі басымдықтардың бірі. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етумен қатар, қоғамда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізеді.
Бөлісу: