АДАМ МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІГІ



    • АДАМ МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІГІ

      Бүгін Психология кафедрасы «Ғылым айы – 2025» аясында «Адам мен жасанды интеллекттің өзара әрекеттестігі: психологиялық, этикалық және когнитивтік аспектілері» тақырыбында жабық форматтағы дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шараға жасанды интеллект, когнитивтік ғылымдар және психология салаларындағы жетекші сарапшылар қатысты.

      Психология мен цифрлық технологиялар түйіскен тұста туындайтын сын-қатерлер мен мүмкіндіктерді кәсіби деңгейде талқылауға арналған алаң құру  — дөңгелек үстелдің басты мақсаты.

      Тағылымды кездесуде сарапшылар жасанды интеллекттің даму перспективалары мен оны әлеуметтік және білім беру салаларына енгізу мүмкіндіктері туралы ой бөлісті. Сонымен қатар психологиялық тәжірибеде қолданылатын цифрлық құралдардың артықшылықтары мен шектеулерін саралап, ЖИ-мен өзара әрекеттестіктің клиникалық және когнитивтік аспектілеріне тоқталды. Ғылыми этика мен тұлғалық тәсілдің маңыздылығы да ерекше атап өтілді.

      Іс-шара цифрлық дәуірдің өзекті мәселелерін әртүрлі сала мамандары арасында кәсіби деңгейде талқылауға арналған тиімді алаңға айналды. Жасанды интеллекттің этикалық және когнитивтік аспектілерін талқылау жаңа ғылыми зерттеу бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.

      Шара ғылыми қауымдастықтың сананы цифрландыру үдерісіне және болашақ психологиясына деген жоғары қызығушылығын айқын көрсетті.

      Бөлісу: