МІНДЕТТІ ГРАНТ ӨТЕМІ: БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ
-
18 сәуір, 2025
Бүгін «Қаржы орталығы» АҚ маманы Тыныбеков Абылай Амангелдіұлы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алатын бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейіндегі студенттермен «Міндетті грант өтемі» тақырыбында кездесу өткізді.
Бұл шараның мақсаты – мемлекеттік грант негізінде білім алып жатқан студенттерге грант өтемі туралы, оның шарттары мен талаптары жөнінде толық әрі жан-жақты ақпарат беру, сондай-ақ қолданыстағы заңнамалық өзгерістермен таныстыру.
Кездесу барысында маман мемлекеттік грантты өтеу тәртібі, міндеттемелерді орындау мерзімдері, өтемнен босату негіздері, еңбекпен өтеу механизмдері және жұмысқа орналасу талаптары туралы түсініктеме берді. Сонымен қатар студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, туындаған мәселелер бойынша нақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара нәтижесінде студенттер мемлекеттік гранттың өтеміне қатысты өздеріне қажетті маңызды ақпарат алып, заңнамалық талаптарды түсіну деңгейін арттырды. Бұл кездесу білім алушылардың өз құқықтары мен міндеттерін дұрыс түсініп, болашақ кәсіби қызметіне саналы түрде дайындалуына ықпал етті.
Бөлісу: