БҮГІНГІ ІЗДЕНІС – ЕРТЕҢГІ ЖЕТІСТІК: МОТИВАЦИЯЛЫҚ КЕШ
-
18 сәуір, 2025
Университетімізде Бейресми білім беру орталығының ұйымдастыруымен 1 курс студенттеріне арналған “Бүгінгі ізденіс – ертеңгі жетістік” атты мотивациялық кеш өткізілді.
Шараның мақсаты – білім алушылардың кәсіби және тұлғалық дамуына серпін беріп, табысты студенттік өмірге деген ынтасын арттыру.
Кеш барысында 4 курс студенттері – Орынбаева Қарақат Сералықызы мен Нұрпопа Ұлдана Қыдралықызы өздерінің студенттік кезеңдегі тәжірибелерімен бөлісті. Олар оқу барысында кездескен қиындықтар мен сол жолда жеткен жетістіктері туралы баяндады. Аталмыш студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелде бірнеше мәрте білім алып, кемінде екі рет президенттік грант иегері атанған талапты жастар.
Шара барысында олар жетістікке жету жолындағы үздіксіз ізденіс, табандылық және өзін-өзі дамыту маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар кездескен сәтсіздіктерден қандай сабақ алғандарын ашық айтып, бірінші курс студенттеріне құнды кеңестер берді.
Мотивациялық кеш жас буынға бағыт-бағдар беріп, табысты болашаққа деген сенімдерін нығайтты. Мұндай кездесулер студенттердің өз әлеуетін танып, оны тиімді жүзеге асыруына үлкен үлес қосатыны сөзсіз.
Бөлісу: