Ер мен елдің жеңісі



    • Ер мен елдің жеңісі

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының Тарих кафедрасының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында «Ер мен елдің жеңісі» атты онлайн форматтағы зияткерлік олимпиада өткізілді.

      Мақсаты – оқушылардың интеллектуалдық және логикалық ойлау шеберліктерін арттыру, жүйріктік пен тапқырлық тұрғысынан дағдыларын шыңдау. Сондай-ақ жастардың бойындағы дарындылық, білімділік және патриотизм сияқты озық қасиеттерді насихаттап, көпшілікке таныту.

      Олимпиада 3 турдан тұрды: тестпен жұмыс (қатысушылардың білімін тексеру), тұлғатану (суреттегі тұлғаны анықтау), мақал-мәтел сайысы (қатысушылар ерлік пен патриотизмге қатысты берілген мақалдың жалғасын табуы керек болды).

      Білім додасына Қазақстанның әр аймағынан Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне түсуге ниетті 54 оқушы қатысты.

      Білім сайысының қорытындысы бойынша ІІІ орынға Өміржан Нұрай (Алматы облысы, Әуезов ауданы, «133 мектеп-гимназия» КММ), Сатбекова Арайлым Азаматқызы (Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Аралтөбе ауылы, Ж. Сәрсенов атындағы ЖОББМ), Әлімбаева Тоғжан Бекматқызы (Қызылорда облысы, Қызылорда медициналық жоғары колледжі), Нагиева Нурайым Шынғысқызы (Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жібек жолы ауылы, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектеп» КММ) және Несіпбай Шаттық Дастанқызы (Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көкөзек ауылы, «Көкөзек ауылындағы жайлы мектеп» КММ) ие болды. ІІ орын иегерлері Кенжибек Амина (Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Жамбыл Жабаев атындағы №5 мектеп-гимназиясы), Әсет Қарақат Жақсылыққызы (Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаражота ауылы, Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп) және Таңатова Айгерім Ілиясқызы (Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, С. Керімбеков атындағы орта мектеп) атанды. Ал І орынға Асанбек Мериям (Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Жамбыл Жабаев атындағы №5 мектеп-гимназиясы) лайық деп танылды.

      Марапаттарыңыз құтты болсын, құрметті оқушылар! Білім жолындағы асуларыңыз бен жетістіктеріңіз көп болсын!

      Бөлісу: