Жасанды интеллект: зерттеу және білім беру үдерісінде қолданылуы



    • Жасанды интеллект: зерттеу және білім беру үдерісінде қолданылуы

      "Ғылым айы – 2025" аясында Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының ұйымдастыруымен QyzPU профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттары және докторанттарына арналған "Жасанды интеллект: зерттеу және білім беру үдерісінде қолданылуы" тақырыбында ғылыми кездесу өткізілді.

      Кездесудің арнайы қонағы – University of Surrey (Ұлыбритания) түлегі, Alanya Alaaddin Keykubat University (Түркия) PhD докторанты, блогер – Әбдіразақов Нұржан Мұхтарұлы. 

      Жасанды интеллектінің қазіргі ғылым мен білім беру салаларындағы маңызын талқылау және оны қолдану мүмкіндіктерін көрсету – шараның басты мақсаты.

      Ғылыми кездесу барысында қатысушылар жасанды интеллектіні білім беру жүйесінде тиімді пайдалану жолдарын, заманауи зерттеу бағыттарында қолдану мүмкіндіктері мен инновациялық әдістерін қарастырды. Сонымен қатар шара аясында ғылыми идеялар, зерттеу тәжірибелері және жасанды интеллектінің түрлі түрлерін білім беру үдерісіне енгізу бойынша пікір алмасу жүргізілді.

      Бұл іс-шара қатысушылардың жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін тереңірек түсінуіне, сондай-ақ оны ғылыми-зерттеу және білім беру салаларында тиімді пайдаланудың жаңа тәсілдерін меңгеруіне ықпал етті. Мұндай басқосулар ғылым мен білімнің дамуына серпін беріп, жас ғалымдардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға айтарлықтай үлес қосатыны сөзсіз.

      Бөлісу: