ДОКТОРАНТТАРДЫ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ДАЯРЛАУ
-
17 сәуір, 2025
“Ғылым айы-2025” аясында университетімізде Физика кафедрасының ұйымдастыруымен "Докторанттарды ғылыми-әдістемелік даярлау" тақырыбында ғылыми семинар өтті.
Ғылыми іс-шараға физика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы мен докторанттар қатысты.
Жиын барысында екі мамандық бойынша докторлық диссертация қорғау мәселесі және оқу үдерісінде іргелі пәндердің рөлін арттыру қажеттілігі талқыланды. Сонымен қатар жоғары рейтингті ғылыми журналдарда мақала жариялаудың ерекшеліктері жөнінде ақпарат берілді.
Аталмыш семинар жас зерттеушілердің кәсіби дамуына серпін беріп, ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.
Бөлісу: