Жайлы мектеп – ұлттық жобаның перспективалары
-
17 сәуір, 2025
Бүгін бітіруші курс студенттерімен «Жайлы мектеп – ұлттық жобаның перспективалары» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы онлайн семинар өткізілді.
Онлайн семинарды «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ұйымдастырды.
«Жайлы мектептер» тұжырымдамасының негізгі қағидаттары мен тәсілдерін таныстыру және осы ұлттық жобаны жүзеге асыру аясында жұмыспен қамту үдерісін қарастыру – шараның басты мақсаты.
Онлайн жиында жас педагогтің мемлекеттік саясат аясындағы рөлі мен болашағы мәселелері талқыланып, бітіруші курс студенттеріне кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді. Сонымен қатар жайлы мектепте оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері және «Жайлы мектеп» жаңа тұжырымдамасының мәні туралы баяндалды.
Білім беру саласындағы өзгерістер туралы құнды ақпарат ұсынуға мүмкіндік берген іс-шара сұрақ-жауап сессиясымен қорытындыланды.
Бөлісу: