Инфо-дайджест: Аптаның айшықты оқиғалары. №3



    • Инфо-дайджест: Аптаның айшықты оқиғалары. №3

      АЛМАТЫ. 5 ақпан. Баспасөз орталығы – 2021 жылғы 1 – 5 ақпан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.

       

      01.02.2021

      – 2021 жылғы 25 – 29 қаңтар аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.

      *****

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Жаңагүл Сұлтанова Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Алғыс» хатымен марапатталды.

      *****

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Qyzdar Ýniversiteti» газетінің биылғы жылғы алғашқы нөмірі жарық көрді.

       

      02.02.2021

      – 2021 жылы PhD докторантураға қабылдау тәртібі электронды форматқа ауыстырылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады.

      *****

      – 2021 жылдан бастап жоғары оқу орындары жеке үлгідегі дипломдар беретін болады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

      *****

      – Грантпен оқыған түлек өз дайындық бағыты бойынша жекеменшік ұйымдарда еш кедергісіз жұмыс істей алады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.

       

      03.02.2021

      – 2020-2021 оқу жылының басына Қазақстан Республикасында филиалдарын қоса алғанда 129 жоғары оқу орны жұмыс істейді. 33 ЖОО – мемлекеттік, 92-сі – жекеменшік, 4-еуі – шетелдік меншік нысаны.

      *****

      – Қазақстан колледждеріне академиялық дербестік беріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

      *****

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған біліктілікті көтеру курсы бастау алды.

      *****

      – Жоғары оқу орындары ғылым саласындағы міндеттерін дұрыс атқаруы керек. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның жалпы отырысында осылай деді.

       

      04.02.2021

      – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті.

      *****

      – «Дара университеттің даңқты түлектері» жобасы: Розалинда Шаханова.

      *****

      – «Дара университеттің даңқты түлектері» жобасы: Тамара Асар.

       

      05.02.2021

      – Қазақстанда «Үздік ғылыми қызметкер» атағымен қоса, 2 мың айлық есептік көлемінде ынталандыру сыйақысы беріледі.

      *****

      – Қыздар университеті – бірегей білім ордасы (фоторепортаж).

      *****

      – 2021 жылғы 1 – 5 ақпан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: